24 қазан 2018 17:11

"Несие рәсімдеуге көмектесемін". БЖЗҚ қазақстандықтарға алаяқтар туралы ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы кездері интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің көбейіп кетуіне байланысты қазақстандықтарды қырағы болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы кездері интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің көбейіп кетуіне байланысты қазақстандықтарды қырағы болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қордағылардың айтуынша, интернет арқылы әрекет жасайтын алаяқтар бүгінде аңғал азаматтарды алдаудың жаңа әдістерін ойлап тауып жатыр. Солардың бірі - несие рәсімдеуге қатысты болып отыр. Мұнда алаяқ әр түрлі бүркеніш атты жамылып, интернетте хабарландыру жариялайды. Онда ол Астана және басқа да қалалардың тұрғындарына екінші деңгейдегі банктерде несие рәсімдеуге көмектесетіні туралы уәде береді. Хабарландыруға қызығушылық білдірген адамға алаяқтың банктік картасының деректемелері көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі және клиенттің төлем қабілетін растайтын "дұрыс үзінді-көшірме" алу үшін "белгілі бір сыйақы" аудару талап етіледі. Содан кейін осы SMS-хабарламада көрсетілген "БЖЗҚ" АҚ бөлімшелерінің бірінде Қор қызметкері "дұрыс үзінді-көшірмені" береді делінеді.

"Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары туралы анықтаманы Қордың кез келген бөлімшесіне келу арқылы, сонымен қатар электрондық пошта, Қор сайты, "БЖЗҚ" АҚ ұялы қосымшасы және egov.kz электрондық үкіметі бойынша тегін алуға болатынын тағы да ескертеміз", - деді қордағылар.

Айта кетейік, қазіргі уақытта БЖЗҚ бұл деректерге қатысты мәліметтерді процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолдады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети