Ниццадағы теракт кезінде қаза тапқандардың арасындағы қазақстандықтар туралы мәлімет түскен жоқ - ҚР СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ниццадағы теракт кезінде қаза тапқандардың арасындағы қазақстандықтар туралы мәлімет түскен жоқ - ҚР СІМ REUTERS/Eric Gaillard©

Ниццадағы теракт кезінде қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Twitter желісінде жария етті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ниццадағы теракт кезінде қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Twitter желісінде жария етті.

"Қазіргі уақытта Ниццадағы теракт салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары туралы мәлімет жоқ. Мәлімет тексеріліп жатыр. Ниццадағы терактіні үзілді-кесілді айыптаймыз. Франция халқына көңіл айтамыз. Терроризм - әлемге және бүкіл әлемдегі қауіпсіздікке төніп тұрған қауіп", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Ниццадағы терактіден қаза тапқандардың саны 80-ге жетті. 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны басып алу Күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген. Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүрді. Оқиға орнынан ІІМ басшысы Бернар Казневтің барғаны айтылады. Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл кезінде Авиньонда болған, бірақ ол дереу Парижге оралу туралы шешім қабылдапты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети