15 шілде 2016 08:57

Ниццадағы терактіден қаза тапқандардың саны 80-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ниццадағы терактіден қаза тапқандардың саны 80-ге жетті, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға слітеме жасап. 


Ниццадағы терактіден қаза тапқандардың саны 80-ге жетті, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға слітеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 100-ден аса адам зардап шеккен. Қаза тапқандардың ішінде кем дегенде бір ресейлік бар екен. Қазіргі уақытта тағы үш ресейліктің қайда екені белгісіз. Бұл мәліметті француз полициясы растамай отыр. 

14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны басып алу Күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген.

Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүрді. Оқиға орнына ІІМ басшысы Бернар Казневтің барғаны айтылады. Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл кезінде Авиньонда болған, бірақ ол дереу Парижге оралу туралы шешім қабылдапты. 

Сарапшылар бұл шабуылды ДАИШ жасаған деген шешімге келіп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети