17 шілде 2016 18:30

Ниццадағы теракт кезінде төрт қазақстандық қаза тапқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pavlodarnews.kz © pavlodarnews.kz

Ниццадағы теракт кезінде төрт қазақстандық қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР СІМ Твиттердегі парақшасында хабарлады.


Ниццадағы теракт кезінде төрт қазақстандық қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР СІМ Твиттердегі парақшасында хабарлады.

"Ниццадағы терактіден Қазақстан азаматшалары Панченко Любовь (1956), Панченко Марина (1983), Панченко Сильвия (2013) және Отто Наталья (1959) қаза тапқанын күйінішпен хабарлаймыз. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардың туыстарына қажетті көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.

Tengrinews.kz тілшісі қаза тапқандар жайлы мәліметті анықтады: 32 жастағы Марина Панченко 2,5 жастағы қызымен Ниццада тұрып жатқан. Ол Түркия азаматымен азаматтық некеде тұрған. Әйелдің қаза тапқан шешесі оның әкесімен бірге Ниццаға қонақ болып барған. Теракт болатын күні әйел шешесімен және қызымен жағалауға отшашу көруге барған. 

14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны алу күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген. Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүрді. Оқиға орнынан ІІМ басшысы Бернар Казневтің барғаны айтылды. Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл кезінде Авиньонда болған, бірақ ол дереу Парижге оралу туралы шешім қабылдапты. КейінҚР СІМ өкілдері теракт кезінде қаза тапқандардың арасындағы қазақстандықтар туралы мәлімет түспегенін хабарлады, алайда бірнеше сағат өткен соң Ниццадағы теракт орнында төрт қазақстандық болғандығы хабарланды. Сонымен қатар, терактінің суреттері мен видеолары пайда болды. Соңғы ақпарат бойынша, террорлық шабуылдан қаза тапқандардың саны 84-ке жеткен және де ауруханада 18 адам ауыр халде жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети