02 маусым 2023 14:48

Ноғаев Израиль көлеміндей болатын жердің жағдайы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыстың Қарақия ауданындағы жалпы аумағы 2,5 миллион гектар жер телімінің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыстың Қарақия ауданындағы жалпы аумағы 2,5 миллион гектар жер телімінің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

"Қазіргі таңда Мемлекет басшысының жерді түгендеу және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, оларды кәсіпкерлік және инвестициялық жобаларға пайдалану жөніндегі тапсырмасын орындау аясында, өткен жылы 2 миллион гектардан астам жерді мемлекет меншігіне қайтардық. Бұл жер Қарақия ауданында орналасқан. Жердің иесі қайтыс болып кеткен. Шаруашылықты оның балалары басқарып отыр", - деді Ноғаев журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Еске сала кетейік, 2020 жылы Маңғыстау облысының прокуратурасы жалпы көлемі 2,5 миллион гектар жерді тиімсіз пайдалану деректерін анықтаған болатын. Аталған факт бойынша аудан әкіміне заң бұзушылықтарды жою туралы тапсырма берілген. Бұл туралы жер құқығы саласындағы заңгер Бақытжан Базарбек айтты. Оның мәліметінше, базада пайдаланылмай жатқан аумақтары үлкен жер телімдерінің алты кадастрлық нөмірі тіркелген. Ол мәселенің ауқымын көрсету үшін Словения, Израиль мемлекеттерінің жер көлемімен салыстырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети