19 сәуір 2022 18:04

Норвегияда жерленген 18 қазақстандық сарбаздың есімі аталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Ослодағы елшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оккупацияда болған Норвегияда тұтқында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің жаңартылған тізімін жариялады. Соңғы айларда 18 қазақстандық сарбаздың аты-жөні мен жерленген жері анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанның Ослодағы елшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оккупацияда болған Норвегияда тұтқында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің жаңартылған тізімін жариялады. Соңғы айларда 18 қазақстандық сарбаздың аты-жөні мен жерленген жері анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.

Есімдері белгілі қазақстандық солдаттардың жалпы саны - 74 адам. Сарбаздар Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының тумалары немесе сол өңірлерден әскерге шақырылған.

1941-1945 жылдары Норвегияда жерленген кеңестік қазақстандық жауынгерлер тізімін мына сілтемеден алуға болады.

Жауынгерлердің бейіттері Саннешоен (Tjøtta sovjetiske krigskirkegård), Лиллехаммер (Jørstadmoen), Берген (Åsane kirkegård) және Тронхейм (Støren kirkegård) қалаларының жанындағы кеңестік әскери зираттарда орналасқан.

Сурет: Лиллехаммердегі Йорстадмоен кеңестік әскери зираттағы ескерткіш

Тізімде сарбаздың туған жылы мен мекені, әскерге шақыру, қызмет ету, тұтқындалуы, қайтыс болу уақыты және жерленген жері, туыстары туралы мәлімет, сондай-ақ қолда бар құжаттарға сілтемелер берілген.

"Тізім "Фалстад орталығы" (Норвегия), Қазақстан аумағынан шақырылып Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен әскери қызметшілер туралы "Мемориал" деректер банкі, сондай-ақ ресейлік "Мемориал" жиынтық деректер банкі сияқты бірнеше деректер көздерінен алынған ақпаратты салыстыру арқылы жасалды", - делінген хабарламада.

Қаза тапқан сарбаздардың көбісі бір немесе екі ғана мәлімет базасында көрсетілгені іздеуді қиындататыны айтылған. Көп жағдайда солдат есімі мен географиялық атаулардың бұрмаланып жазылу проблемасы да бар.
Бүгінгі күнге дейін Норвегияда жерленген кеңестік әскерилердің шамамен 15 500 саны туралы белгілі болып, олардың 7000-ға жуығының есімдері анықталған.

Елшілік жарияланған ақпарат сарбаздардың ұрпақтарын, туыстары мен жақындарын табуға көмектеседі, зерттеулерді одан әрі жүргізуге және солдаттарды мәңгі есте қалдыруға үлес қосады деп үміттенеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети