Қазақстан аумағында күн құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанды, 5-6 шілдеде шығыста нөсер жаңбыр күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл, республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана — күн құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кейін бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 градус жылы.
Алматы — күн құбылмалы болады, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады, кей уақытта екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) — жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ және дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 метр жылдамдықпен соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 16-21 градус жылы.
Шымкент — күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 33-35 градус жылы.
Ақмола облысы — жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 метр, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 23-28 градус жылы. Көкшетау — бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 23-25 градус жылы.
Алматы облысы — түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таулы аудандарда кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 метр жылдамдықпен соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аудандарында
5-10 жылы, күндіз 26-31, облыстың таулы аудандарында 16-21 градус жылы. Қонаев — күн құбылмалы болады, түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 29-31 градус жылы.
Жетісу облысы — түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таулы аудандарда кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 метр жылдамдықпен соғады, шығыста, таулы аудандарда екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28, кей уақытта секундына 30 метр және одан да жоғары болады. Ауа температурасы түнде 14-19, облыстың шығысында 23, таулы аудандарда 10 жылы, күндіз 27-32, таулы аудандарда 19-24 градус жылы. Талдықорған — күн құбылмалы болады, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 29-31 градус жылы.
Түркістан облысы — облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда сәл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 метр, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15-20, таулы аудандарда 12 жылы, күндіз 32-37, таулы аудандарда 27 градус жылы. Түркістан — күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 34-36 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы — күндіз облыстың батысында сәл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14 метр, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22 градус жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық болады. Орал — күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 30-32 градус жылы.
Атырау облысы — күндіз облыстың батысында сәл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 20-25 градус жылы, күндіз 32-37 градус қатты ыстық болады. Атырау — аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан түнде 2-7, күндіз секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 33-35 градус жылы.
Маңғыстау облысы — жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 20-25 градус жылы, күндіз 34-39 градус қатты ыстық, облыстың батысында 29 градус жылы болады. Ақтау — күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 29-31 градус жылы.
Ақтөбе облысы — күндіз облыстың солтүстік-батысында сәл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің бағыты құбылмалы, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың солтүстік-шығысында 12, күндіз 27-32 градус жылы, облыстың оңтүстік-батысында 35 градус аптап ыстық болады. Ақтөбе — аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің бағыты құбылмалы, жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 30-32 градус жылы.
Қостанай облысы — облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың оңтүстігінде 20, күндіз 25-30, облыстың оңтүстігінде 33 градус жылы болады. Қостанай — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы — жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 20-25, облыстың шығысында 28 градус жылы болады. Петропавл — бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 23-25 градус жылы.
Павлодар облысы — түнде облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 24-29 градус жылы. Павлодар — ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус жылы.
Қарағанды облысы — жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 24-29, облыстың шығысында 20 градус жылы болады. Қарағанды — ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 24-26 градус жылы.
Ұлытау облысы — күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 25-30, облыстың оңтүстігінде 33 градус жылы болады. Жезқазған — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 27-29 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысы — түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың шығысында 13, күндіз 22-27, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында
31 градус жылы.Өскемен — ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 4-9, күндіз 7-12, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 25-27 градус жылы.
Абай облысы — түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні секундына 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 23-28, облыстың оңтүстігінде 31 градус жылы болады. Семей — ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5-10, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 24-26 градус жылы.
Қызылорда облысы — жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 16-21, күндіз 32-37 градус жылы болады. Қызылорда — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 34-36 градус жылы.
Жамбыл облысы — облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың таулы аудандарында 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аудандарында 10, күндіз 30-35, облыстың таулы аудандарында 26 градус жылы болады. Тараз — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 31-33 градус жылы.