22 тамыз 2017 16:51

"Нұр Әлем" сатылмайды. WhatsApp мессенджерінде таралып жатқан хабарламаға қатысты түсінік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде "Нұр Әлем" павильоны сатылады деген хабарлама пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде "Нұр Әлем" павильоны сатылады деген хабарлама пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp мессенджерінде қазақстандық "Нұр Әлем" павильонының сатылымға шыққаны жайлы суреттер тарала бастады. Хабарламаның скриншоты "Крыша" сайтында, ал кейіннен әлеуметтік желілердегі түрлі топтарда пайда болды.

24 мың шаршы метр аумақты қамтыған ғимараттың бағасы 433 миллиард теңге деп көрсетілген.



Ал бүгін "Крыша" сайтының өкілдері EXPO-2017 көрмесіндегі павильонардың бірі сатылатыны жайлы хабарламаның скриншотына қатысты түсінік берді.

"EXPO павильонының сатылатыны жайлы хабарламаның әзіл екені көрініп тұр. Осы скриншотты алғашқы болып жариялаған паблик әлеуметтік желілерде танымал боламыз деп ойлаған шығар. "Крыша" сайтында мұндай хабарлама болған жоқ. Ол модератордан өтпес те еді. Меніңше, скриншоттан мұның фотошоп екені көрініп тұр", - деп түсіндірді "Колёса", "Крыша", "Маркет" өнімдер жөніндегі директоры Дмитрий Ботанов.


© Оң жақтағы скринде krisha.kz сайтының стандартты хабарламасы қалай жазылғаны көрсетілген.

"Жалған хабарламаның дизайны біздің сайттағы хабарламалардан ерекшеленеді. Мысалы, интерфейсте кейбір элементтер болмауы мүмкін ("В избранное" немесе "Оставить заметку" сияқты сілтемелер) немесе бос қалып қалған жерлер", - деді  Дмитрий Ботанов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети