"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Оңтүстік Қазақстан облысындағы маңызды мемлекеттік бағдарламалардың орындалу сапасын тексерді. Мұхтар Құл-Мұхаммед әлеуметтік инфрақұрылымның даму барысымен танысып, жаңадан салынған жылыжай кешені мен алдыңғы қатарлы өндірістерді аралап, облыстық партия активімен кездесіп, өңірдің жетекші университетінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Оңтүстік Қазақстан облысындағы маңызды мемлекеттік бағдарламалардың орындалу сапасын тексерді. Мұхтар Құл-Мұхаммед әлеуметтік инфрақұрылымның даму барысымен танысып, жаңадан салынған жылыжай кешені мен алдыңғы қатарлы өндірістерді аралап, облыстық партия активімен кездесіп, өңірдің жетекші университетінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі бір жарым есеге дейін ұлғайды. Бұл саладағы қарқынның дамуына "Нұрлы Жол" бағдарламасының арқасында қол жеткізіліп отыр.
"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Шымкенттегі жылдам өсу үстіндегі аудандардың бірінде болып, жаңадан салынып жатқан көп қабатты құрылыстардың сапасын бағалады.
Биылғы жылы ОҚО-да барлығы 1140 пәтер пайдалануға берілді, олардың жалпы көлемі 64 мың шаршы метрді құрайды. Мұхтар Құл-Мұхаммед жергілікті құрылысшыларды жағымды жаңалықтан хабардар етті. Елбасының тапсырмасымен Қазақстанда мемлекеттік "Нұрлы жер" жаңа бағдарламасы іске қосылады. Яғни, еліміздегі құрылыс қарқыны екі есе көбейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының саны 2 миллион 800 мыңнан асып кетті. Еліміздегі халқы ең тығыз орналасқан өңірде биылғы жылы жетпіс үш мың бес жүздей балдырған мектеп табалдырығын аттады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 25 мыңға артық. Сондықтан да "Нұрлы жол" бағдарламасының басым бағыттарының бірі жаңа мектеп құрылыстарын салу болып табылады. Биылғы жылы - 25 жаңа мектеп салу көзделген.
"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары "Достық" мөлтекауданында болып, 1200 орындық жаңа мектеп құрылысының барысын тексерді. Жылдам өсіп жатқан мөлтекауданда жаңа білім беру мекемесінің ашылуын шәкірттер де, ұстаздар да асыға күтуде. Балалардың көптігінен жұмыс істеп жатқан мектепте оқушылар үш ауысыммен оқиды.
ОҚО еліміздегі ең ірі ауыл шаруашылығы орталықтарының бірі болып табылады. Қазақстандағы жылыжайлардың 87 пайызы ОҚО орналасқан. Олардың жалпы көлемі 1 мың гектардан асады. Мұхтар Құл-Мұхаммед еліміздегі ең үлкен және алдыңғы қатарлы жылыжай кешені - "Адель" шаруа қожалығында болды. Бұл шаруашылықты өркендету үшін екі жарым миллиардтан астам теңге салынған. Жыл сайын жылыжайдан голландиялық технологиямен 6 мың тонна қияр мен қызанақ жиналады. "Агробизнес 2020" бағдарламасының арқасында осындай ауқымды жобаны іске асыру мүмкіндігі туды. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары жергілікті шаруаларға мемлекеттің агроөндіріс кешеніне көрсететін көмекті одан әрі ұлғайта беретінін айтты. Алайда, ауыл шаруашылығының озық технологияларын қолданып, жерге ұқыппен қарайтын шаруаларға ғана көмек беру мүмкіндігі қарастырылған.
Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстанның оңтүстігінде шағын және орта бизнестің дамыту мәселелеріне айрықша көңіл бөлді. Бүгінгі таңда өңірде 330 мыңнан астам кәсіпкер бар. Дегенмен, облыс экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 20 пайызға де жетпейді.
"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары өз сөзінде Елбасының тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөліп, оның жалпы ұлттық экономикамыздағы үлесін 50 пайызға жеткізуге ұдайы өңір басшыларының назарын аударып келе жатқанын атап өтті.
"Оңтүстік Қазақстан облысының тап осы сегментті дамытуға толық мүмкіндігі бар. Оның үстіне "Нұрлы жол", "Бизнестің жол картасы" оны іске асыруға керемет жағдай туғызып отыр. Бұл мүмкіндікті пайдалана білу керек", -деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед.
"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Оңтүстік Қазақстанның, сол сияқты бүкіл еліміздің барлық бизнесмендері үшін мысал ретінде жоғары сапалы шыны ыдыстар шығаратын "ЕуроКристалл" зауытын атады. Ол зауыт "2020 жол картасы бизнесі" мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынды. Кәсіпорынның құны - 5 миллиард теңге. Швейцариялық технологиямен салынған. Өндіріс қуаты жағынан республикада екінші орын алады. Мұнда жылына 210 миллион банкілер мен бөтелкелер шығарылады. Жергілікті өнім суға, химиялық заттарға аса төзімділігімен, айтарлықтай беріктігімен, эталондық реңімен және мінсіз геометриясымен ерекшеленеді.
Мұхтар Құл-Мұхаммед өндіріс үдерісімен таныса отырып, жұмысшылармен әңгімелесу кезінде қазақстандық өндірушілердің жергілікті өнім өткізу нарығымен шектеліп қалмауы тиіс екендігін баса айтты. Экспортты дамыту кәсіпорындарға өндіріс көлемін үнемі кеңейтуге, арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға, сөйте отырып, ел экономикасын нығайтуға және оның шикізат секторына тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді.
"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары облыс активімен кездесу барысында Мемлекет басшысы белгілеген республиканы дамытудың басым бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді. Мұхтар Құл-Мұхаммед Президенттің партия алдына қойған басты міндеттерінің бірі - негізгі мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың сапасына қатаң бақылауды қамтамасыз ету екендігін ескертті. Ең алдымен, бұл теңдесі жоқ "Нұрлы жол" бағдарламасын инфрақұрылымдық дамытуды қамтуға қатысты. Актив жиыны барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық партия филиалының төрағасы болып Жансейіт Түймебаев сайланды.
Сондай-ақ, жұмыс сапарының соңында "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Шымкентте Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің профессорлық- оқытушылық құрамымен және студенттерімен кездесу өткізеді.