29 қыркүйек 2019 11:49

Нұр-Сұлтан әкімі "Оңтүстік-Батыс айналма" жолының құрылысын тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Оңтүстік-Батыс айналма" айналма жолының құрылыс барысымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Оңтүстік-Батыс айналма" айналма жолының құрылыс барысымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құрылысы салынып жатқан төрт жолақты жолдың ұзындығы 33 шақырым. Сонымен қатар жол құрылысы кезінде көпірлер де салынатын болады. Әуежайдан басталған жол құрылысы Қосшы, Үркер, Көктал тұрғын алап бағыттары бойынша жүреді, соңында ол Н.Тілендиев даңғылындағы (Астрахан тас жолы) жол торабына қосылады.

Қазіргі уақытта онда көп деңгейлі жол айрықтарын салу, асфальт төсеу және жарықтандыру қондырғыларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жұмыста қолданылатын құрылыс материалдары, қазақстандық өнім болып табылады. Құрылыстың аяқталуы транзиттік көліктерге қалаға кірместен айналма жол арқылы еркін жүруге мүмкіндік береді, бұл қала көшелеріндегі көлік қозғалысына оң әсерін тигізетін болады.

Аталған жол қаланың айналма жолымен жалғанады, оның жалпы ұзындығы 128 шақырым.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети