14 мамыр 2020 11:04

Нұр-Сұлтан әкімдігі карантинді алып тастауға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілдері карантинді алып тастауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілдері карантинді алып тастауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, елорда әкімі Алтай Көлгінов кезекті рет тұрғындарды онлайн-форматта қабылдады. Азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, үлестік құрылыс нысандары, карантин тәртібі және тағы басқа мәселелерді көтерген.

"Өткізу-бақылау бекеттері алынған жоқ, олардың жұмысы жалғасып жатыр. Қалаға кіру шектелген. Елордаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарында жұмыс істейтін тұрғындар ғана кіре алады. Қызметкерлер тізімін Ақмола облысының аудан әкімдері береді. Қалаға талап етілген барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Төтенше жағдай мен карантин уақытында азық-түлік өнімдері еш кедергісіз жеткізіліп жатыр. Тұрғындар әлі де санитарлық нормаларды қатаң сақтауы қажет. Маска тағып, адам көп жиналатын жерлерде қашықты сақтауға міндетті", - деліген әкімдіктің хабарламасында.

Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, бірнеше нысан қызметін біртіндеп қайта бастап жатыр.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында 18 мамырдан бастап қонақүйлерге, сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану орындарына, таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану орындарының жазғы алаңдарына, діни ғибадат объектілеріне жұмысын қайта бастауға рұқсат берілді дейді. Басты шарт - санитарлық нормаларды қатаң сақтау.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети