02 тамыз 2021 12:45

Нұр-Сұлтан дәрігерлері тұрғындарға үндеу жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық дәрігерлер қала ауруханаларындағы қазіргі жағдайға алаңдап, тұрғындарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елордалық дәрігерлер қала ауруханаларындағы қазіргі жағдайға алаңдап, тұрғындарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауруханаларда жасанды тыныс алу аппаратында 40 адам жатыр. Олар өздігінен дем ала алмайды. Тек вакцинация өзіңізді және жақындарыңызды қорғауға, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

"Өткен тәулікте ғана инфекциялық стационарларға 178 адам жатқызылды. Төсек-орын бірден толып кетті. Әр екінші науқасқа оттегі концентраторы қажет, олар инвазив емес желдету құрылғысына немесе жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - дейді жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлері.

Дәрігерлер вакцина алмаған, санитария талаптарын елемейтін, салтанатты іс-шараларға қатысып немесе ұйымдастырған науқастар көбіне ауыр жағдайда түсетінін айтты.

"Бір рет ерлі-зайыпты ауруханаға түсті. Біз тексеру жүргізе бастағанда олар жақында ғана көп адам жиналған мерейтойға барғанын мойындады. Бірақ ер аданың жағдайы нашарлап кеткен еді. Көздеріне жас алып, "жиынға бармағанда бәрі жақсы болар еді" деп өкінді. Бұлай басыңызды қатерге тікпеңіздер", - дейді ауруханалардың бірінің жұқпалы аурулар дәрігері Гүлбахыт Әдижанова.

2 тамыздағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының инфекциялық стационарларында 2 903 пациент жатыр. Реанимацияда - 260 адам, жасанды тыныс алу аппаратында - 40 пациент. Қазіргі уақытта COVID-19-бен күресу үшін қалада 16 стационар және 6 мыңнан аса медицина қызметкері жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети