28 қаңтар 2020 17:07

Нұр-Сұлтан және төрт облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан және төрт облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтан және төрт облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан аласында түнде 29 қаңтарда қар, жаяу бұрқасын, солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні секундына 15-18 метр сақталады.

29 қаңтарда түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.

29 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады. 

Түнде 29 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты қар. Кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, түнде екпіні секундына 23-28 метр жетеді. Өскемен қаласында түнде 29 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні түнде секундына 15-20 метр жетеді. Семей қаласында түнде 29 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні түнде секундына 15-20 метр жетеді.

29 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети