17 сәуір 2022 17:25

Нұр-Сұлтан мен 5 облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласы мен 5 облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласы мен 5 облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтанда 18 сәуірде күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

18 сәуірде таңертең және күндіз Қызылорда облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Облыс орталығында солтүстіктен соғатын жел секундына 15-20 метрді құрайды.

18 сәуірде күндіз Ақмола облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

18 сәуірде солтүстікте, батыста, түнде Ақтөбе облысының орталығында тұман күтіледі. Ақтөбеде түнде тұман күтіледі.

18 сәуірде күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы, тау бөктеріндегі аймақтарда найзағай ойнап, көктайғақ күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз солтүстікте, облыстың батысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Шымкентте 18 сәуірде күннің соңында найзағай, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай жел соғады, күндіз екпіні екундына 15-20 метрге жетеді. Түркістанда күннің соңында найзағай ойнап, бұрқасын болады. Күндіз шаңды дауыл соғады деп күтілуеді. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

18 сәуірде күндіз Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети