Нұр-Сұлтан мен Алматыда рұқсат етілмеген митингілер өтті: 53 адам ұсталды 25 ақпан 2020, 10:10

22 ақпанда Нұр-Сұлтан мен Алматыда рұқсат етілмеген митингілер өтіп, 53 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кейбір азаматтар рұқсат етілмеген митингілерге шықты. Полиция 53 адамды ұстады. Олардың ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар бар, 43 адам босатылды. Митингілер Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында өтті", - деді ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.