01 желтоқсан 2021 18:02

Нұр-Сұлтан мен тағы бірнеше өңірде қатты көктайғақ болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: Tengrinews.kz Иллюстрациялық сурет: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан мен тағы бірнеше өңірде қатты көктайғақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап. 


Нұр-Сұлтан мен тағы бірнеше өңірде қатты көктайғақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап. 

Елордада 2 желтоқсанда түстен кейін көктайғақ болады. Күндіз оңтүстіктен екпіні секундына 18 метр жел соғады.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ сақталады.

Қызылорда облысының орталығында батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр жел соғады.  

2 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз батыста, солтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда желдің жылдамдығы 15-20, таулы аудандарда секундына 23 метрге жетеді.
  
Күндіз Қарағанды облысының батысында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан, облыстың батыс жартысында жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23 метр жел соғады.

Павлодар облысының оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысы мен орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 
 
2 желтоқсанда таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети