22 наурыз 2020 17:45

Нұр-Сұлтан мен үш облыста дауылды ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан мен Қызылорда, Сотүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. 


Нұр-Сұлтан мен Қызылорда, Сотүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, ертең 23 наурызда астанада боран соғып, түнде және таңертең тұман болады. 

Сондай-ақ, 23 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 метр секунбд болады деп болжанды. Дауыл ықтималдығы - 90-95 пайыз. 

Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде қар, кей жерлерде бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 метр секунд болуы мүмкін. Петропавл қаласында түнде қар, жаяу бұрқасын болады деп болжанған. Дауыл ықтималдығы - 90-95 пайыз. 

23-25 наурыз аралығында Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, таулы және солтүстік аудандарда екпіні 23-28 метр секунд болады деп күтіледі. Шымкент қаласында 23-25 наурызда солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 метр секунд желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қаласында 23-25 наурызда солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 метр секунд желдің күшеюі болуы мүмкін. Дауыл ықтималдығы - 90-95 пайыз.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети