Нұр-Сұлтан орталығында 32-қабаттан салбырап тұрған қызды суретке түсіріп алған

28 Шілде, 10:52
0
Нұр-Сұлтан орталығында 32-қабаттан салбырап тұрған қызды суретке түсіріп алған -

Нұр-Сұлтан орталығында 32-қабаттан салбырап тұрған қыздың мұндай қадамға не үшін барғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол жолдасын қорқытпақшы болған екен. 

"Достық даңғылы "Северное сияние" ТК мекен-жайы бойынша келген полицейлер жағдайдың анық-қанығына жету үшін әйел мен оның жолдасын "Есіл" аудандық полиция бөлімшесіне жеткізген. Әйел жолдасымен ұрысып қалғаннан кейін күйеуін қорқыту мақсатында осындай қадамға баруға бел буған, алайда ол секіруді еш ойламағанын айтады", - деді елордалық полиция департаментінің ресми өкілі София Қылышбекова. 

Отбасылық жұпқа қатысты қоғамдық тәртіпті бұзғаны және азаматтарды алаңдатқаны үшін әкімшілік өндіріс қозғалды.  

 Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша, отбасылық жұптың мас күйде болғаны анықталған. 

Айта кетейік, шілденің 27-нен 28-не қараған түні Instagram желісіндегі zhest_kz парақшасында биік ғимараттың жоғарғы қабатында әйелдің салбырап тұрған суретін жариялаған. 

"Астана, Северное Сияние, қыз бала 32-қабаттан салбырап тұр", - делінген суреттің сипаттамасында. 


© instagram/zhest_kz

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай