Нұр-Сұлтан сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, 6-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2, 8-тармақтарына, 1), 2), 5), 7), 8), 10), 11), 12) 1-тармақтың, 3-тармақтың 2) тармақшасының, 4-тармақтың, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабының 5-бабын, отставкаға кетуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы Тілектес Ешеұлы Бәрпібаев атқаратын қызметінен шеттетілсін", - делінген жарлықта.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі өкілдері бұл мәліметті Baigenews.kz редакциясына растаған.
Еске салайық, 2020 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан бойынша Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесіп тексеру жүргізіп жатқаны белгілі болған еді. Бұған желіде 2020 жылдың наурыз айында төтенше жағдай және қатаң карантин кезінде Бәрпібаев Германияға жеке ұшақпен барып, сол жақта коронавирус жұқтырды деген хабарлама себеп болған. Сол кезде Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі Бәрпібаев демалыста жүргенін хабарлаған еді. Кейінірек ол өзінің ірі бизнесмен құдасымен бірге ұшқаны белгілі болды.
Бәрпібаев астаналық соттың төрағасы қызметін 9 жылға жуық - 2013 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келді. Оған дейін Алматы облыстық соты мен Алматы сотының, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы және Алматы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының лауазымдарында жұмыс істеген. Сондай-ақ бірнеше жыл Алматы облысының Ішкі істер басқармасында әртүрлі лауазымда жұмыс істеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!