26 мамыр 2019 15:20

Нұр-Сұлтанда 2 градусқа дейін аяз болады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астанада екінші күн ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астанада екінші күн ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"27 мамырда Нұр-Сұлтанда 2 градусқа дейін аяз болады", - деп хабарлады Астана қалалық ТЖ департаменті өкілдері. 

Еске салсақ, синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері солтүстік және шығыс өңірлерде үсік жүреді.

"Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа плюс 28…33 градусқа көтерілетін болса, солтүстік және шығыс облыстарда түнде 3 градусқа дейін үсік сақталады. Бұл Қазақстанның солтүстік аймағына Ресейдің еуропалық территориясының солтүстігінен және Оралдан ылғал және суық ауа массаларының келуімен байланысты, ал оңтүстік аймақтарға Орталық Азиядан жылы ауа массалары келеді", - деді "Қазгидромет" мамандары. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети