Нұр-Сұлтан қаласының "қызыл" аймаққа өткеніне бір жарым ай болды. Күніне 300-600 жаңа жағдай анықталады. Мекемелерде жұмыс режимі қысқартылуы мүмікін. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласының "қызыл" аймаққа өткеніне бір жарым ай болды. Күніне 300-600 жаңа жағдай анықталады. Мекемелерде жұмыс режимі қысқартылуы мүмікін. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Нұр-Сұлтанда COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Қаланың "қызыл" аймақта орналасқанына бір жарым ай болады. Күніне 300-ден 600-ге дейін инфекция жұқтыру дерегі тіркеледі. Жыл басынан бері қала бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 26 мыңнан асты.
Соңғы алты күнде қалада 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық көрсеткіші 320-дан 285-ке дейін төмендегені байқалады. Бір апта ішінде 3 371 жағдай тіркелді, аурушаңдық көрсеткіші алдыңғы аптадан 11 пайызға төмен. Өткен аптада 3 808 жағдай тіркелді", - деді Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.
Оның айтуынша, қалада 2 553 ошақ тіркелген, оның ішінде 1 724 үй, 829 ұйым бар. Медициналық бақылауға 5 572 байланыста болған адам тіркелген.
Санитария дәрігері жасөспірімдер арасында инфекция жұқтыру көбейгенін айтты.
"Жас топтарда, әсіресе жасөспірімдер мен ересектер арасында вирус жұқтыру дерегі екі еседен асқаны байқалады. Бұрынғыдай, аурудың ең жоғары деңгейі ересектер арасында тіркелген, жалпы көрсеткіштің 79,7 пайызы. Балалар арасында 17,4 пайыз, жасөспірімдер 2,9 пайыз. Ересектер арасында 28,9 пайызы 30-39 жас тобына, 20,5 пайызы 18-29 жас тобына тиесілі", - деді Бейсенова.
Ол инфекция жұқтырғандардың көпшілігі карантин режимін сақтамағанан екенін айтты. Адамдар жасырын үйлену тойлары мен жиын өткізеді, ал коронавирус жұқтырғандар Ashyq қосымшасы бар мекемелерде кездеседі.
Нұр-Сұлтанда Ashyq жобасына қатыспайтын кафелердің жұмыс уақыты қысқарады
"Сәуірде ғана үй карантинін бұзған 736 адам анықталды. Оның 299-ы науқастар, 437-сі байланыста болған адамдар", - деді Бейсенова.
Ол қала тұрғындарына карантин режимін сақтауды, қоғамдық орындарда бетперде тағуды, жаппай мерекелер өткізбеуді сұрады.
"COVID-19-ды жеңу үшін бүкіл республика бойынша жаппай вакцинация жүргізіліп жатыр. Бұл бізге ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді және бәрімізге үйреншікті өмір ырғағына оралуға көмектеседі", - деді Бейсенова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!