27 сәуір 2021 13:51

Нұр-Сұлтанда Ashyq жобасына қатыспайтын кафелердің жұмыс уақыты қысқарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Ashyq жобасына қатыспайтын кафе, мейрамханалар мен басқа да ШОБ нысандарының жұмыс уақыты қысқарады. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 


Нұр-Сұлтанда Ashyq жобасына қатыспайтын кафе, мейрамханалар мен басқа да ШОБ нысандарының жұмыс уақыты қысқарады. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Кафел, мейрамханалар сағат 20:00-ге дейін, ал жобаға қатысушылар аптаның кез келген күні 00:00-ге дейін жұмыс істей алады.

"Бұл жоба коронавирустың таралуын болдырмауға көмектеседі. Себебі ол келушілер мен қызметкерлерді қауіпті індеттен қорғайды. Қауіпсіз жобаның арқасында кинотеатрлар, фитнес-клубтар, бассейндер, театрлар сияқты көптеген нысандар жұмысын қайта бастады. Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істейтін бизнес нысандары барлық күндері 00:00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал өзгелеріне - 22:00-ге дейін әрі демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынған. Егер олар өз қызметкерлері мен келушілерінің қауіпсіздігі туралы ойламаса, олардың жұмыс уақытын 20:00-ге дейін қысқартуға мәжбүр боламыз", - деді елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Үкімет отырысында Ashyq жобасы бойынша қызметін қайта бастаған "Астана Балет" және "Астана Опера" театрлары жобаның қауіпсіз және тиімді жұмысының үлгілі мысалдары болып саналатыны айтылды. Бұл театрлардың жұмыс тәжірибесін өңірлерге кеңейту қажет.

Еске салайық, қоғамдық мекемеге кірер алдында пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді және оны кіреберістегі әкімшіге ұсынады. Код келушінің мәртебесін анықтайды. Әр түске сәйкес мәртебе келесідей мағына береді:

"Қызыл" мәртебе - ПТР-тест тапсырып, коронавирус анықталған адамға беріледі. Мұндай мәртебе иелері үйде оқшаулану режимін қатаң сақтауы тиіс.

"Сары" - байланыста болған адамдарға берілетін мәртебе. Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етілгенмен, басқа қоғамдық орындарға баруына тыйым салынады.

"Көк" - ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар есебінде жоқ, ПТР-тест (мысалы әуежайда) талап етілетін жерлерден басқа кез келген орында еркін қозғалу дегенді білдіреді.

"Жасыл" - жүріп-тұруында шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсеткен пайдаланушы болып саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети