22 маусым 2020 17:21

Нұр-Сұлтанда 23 маусымнан бастап барлық балабақша жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қалалық санитар дәрігер Жанна Прәлиеваның шешімі бойынша 23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтандағы барлық балабақша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қалалық санитар дәрігер Жанна Прәлиеваның шешімі бойынша 23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтандағы барлық балабақша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прәлиеваның айтуынша, 23 маусымда барлық мемлекеттік және жекеменшік балабақшаның жұмысы тоқтатылады.

"Эпидемиологиялық жағдай мен тәрбиешілердің коронавирус жұқтыру жағдайларын ескере отырып, балабақшалардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды. Балаларды қалдыратын адам табылмаса, ата-аналардың бірі қашықтан жұмыс істеу режиміне көшуі тиіс", - деді санитар дәрігер.

Карантин кезінде мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға балалардың жалпы санының 20 пайызы барған. Қабылданған шаралар тек қана балалардың денсаулығын сақтауға және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған. Балабақшалардың жұмысын жаңарту қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Қатаң санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажет: маскалар кию, қолды антисептикпен өңдеу, әлеуметтік жүйені сақтау деді Прәлиева.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети