07 қазан 2021 12:42

Нұр-Сұлтанда арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Александр Куприенко Фото: Александр Куприенко

Елордада жастарға арналған Elorda Jastary арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елордада жастарға арналған Elorda Jastary арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім жеңілдетілген әлеуметтік несиелендірумен берілетін бұл тұрғын үй бағдарламасы, елорданың жас мамандарына арналғанын атап өтті.

Фото: Александр Куприенко

"Бұл үй денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларында, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ, полиция департаменті, ТЖД қызметкерлеріне, Нұр-Сұлтанда "жетім балалар" санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған коммуналдық кәсіпорындардың бейінді қызметкерлеріне",-деп жазды Көлгінов.

Қала басшысының айтуынша, жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға Отбасы банкі және 2021-2023 жылдарға арналған Elorda Jastary бағдарламасы көмектеседі.

Фото: Александр Куприенко 

"Elorda Jastary жастарға жан-жақты қолдау көрсетуге, соның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, Elorda Jastary бағдарламасында білім беру, жұмыспен қамту бағыттары бар", - деп қосты әкім.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, 35 жасқа дейінгі жастар тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады (35 жасты қоса алғанда, жұбайының жасы маңызды емес).

"Кемінде 1 жыл астанада тіркеуде тұруы керек, Отбасы банкте жинақ шоты болуы қажет, бағдарлама үміткерінің жеке тұрғын үйі болмауы тиіс (соңғы 5 жыл ішінде). Сондай-ақ, ресми жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы керек. Осылайша, аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысушы тұрғын үй сатып алуға 18 миллион теңгеге дейін (жылдық 5 пайыз жеңілдікпен) қарыз ала алады. Сатып алынатын тұрғын үйдің құны-шектеусіз. Қарыз 25 жылға дейін беріледі", - деп жазды әкім.

Көлгінов өтінімдерді қабылдау 14 қазанда qatysu.zhilfond.kz сайтында басталатынын айтты.

"Қатысушылар санаттары, тұрғын үй алу талаптары мен алгоритмі бойынша қосымша ақпаратпен Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "тұрғын үй қоры" КММ сайтында таныса алады. Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін қатысушыларды іріктеу балдық жүйеге сәйкес басталады. Сонымен қатар, осы жылы Елбасының бастамасымен қолға алынған "жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасын жалғастырамыз. Осы бағдарлама аясында мыңнан астам жастар баспаналы болады", - деп түйіндеді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети