Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

18 Қараша, 17:32
0
Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтандық төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 19 қарашада астанада қар мен боран болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа секундына 15-18 метр жел соғады. 19-21 қарашада елордада және облыстарда 25-30 градус аяз болады деп болжанған. Дауыл ықтималдығы - 85-90 пайыз. 

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, басқа аймақтарда да ескерту жарияланды. 19 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында күндіз тұман, түнде қарлы боран болады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. 19-21 қарашада СҚО-да ауа температурасы күрт төмендейді. Түнде 20-25 градустан 25-30 градусқа дейін төмендейді. Дауыл ықтималдығы - 90-95 пайыз.

Шығыс Қазақстан облысында да 19 қарашада ескерту жарияланды. Кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр соғатын жел екпіні секундына 23 метрге жетуі мүмкін. 19-21 қарашада ШҚО-да ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін: түнде 18-23 градус, кей жерлерде 26 градустан 25-30 градусқа және 33 градусқа дейін. Дауыл ықтималдығы - 95 пайыз.

19 қарашада Қостанай облысында түнде ауданның көп бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде боран мен тұман болуы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-шығыстан секундына 15 метрден 20 метрге дейін жел тұрады, екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 20-25 градустан 25-30 градусқа дейін күрт төмендеуі күтіледі. Дауыл ықтималдығы - 90-95 пайыз.

19-21 қарашада Павлодар облысында ауа температурасы 15-20 градустан 25-30 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. 20-21 қарашада Қарағанды облысында 22-30, кей жерлерде 33 градус аяз болады. Дауыл ықтималдығы - 95 пайыз.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай