06 қыркүйек 2021 10:20

Нұр-Сұлтанда автобус жолағы уақытша алып тасталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/akimat_nur_sultan © instagram/akimat_nur_sultan

Дүйсенбі, 2021 жылғы 6 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтанда Тұран даңғылындағы Bus Lane автобус жолағы уақытша алып тасталады. Бұл туралы елорда әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзгеріс Сығанақ көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі әуежай бағытындағы учаскеге ғана енгізіледі.

"Bus Lane жолағын уақытша алып тастау туралы шешімді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі көшелердің өткізу қабілетін жақсарту үшін, сондай-ақ оқу кезеңінің басталуына және кейіннен елорда көшелеріндегі автомобиль трафигінің ұлғаюына байланысты қабылдады", - делінген хабарламада.

Осы учаскедегі Bus Lane жұмысы бірқатар ірі инфрақұрылымдық шешімдер енгізілгеннен кейін қалпына келтіріледі, олардың бірі - Айтматов көшесінің құрылысын аяқтау.

Айта кетейік, Тұран даңғылындағы Керей Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін "Хан Шатыр" СОО бағытында Bus Lane жолы өзгеріссіз қалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети