Нұр-Сұлтанда автобуста жолаушымен төбелескен ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда автобуста жолаушымен төбелескен ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда автобус жолаушысына шабуыл жасап, автобус салонында бұрыш спрейін шашқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Полицейлер жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті ретінде жергілікті 33 жастағы тұрғынды анықтады. Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген ресми хабарламада. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Здравствуйте, вчера в автобусе #9 парень в красном устроил настоящее хулиганство. Он вообще неадекватный, распылял газовый баллончик прямо в салоне несмотря на то что там были дети, старики и беременные женщины, да досталось всем и даже взрослым, весь салон кашлял, потом подрался, вот немного удалось снять. Хотим чтобы его нашли правоохранителеьные органы.

Публикация от Принципиально Астана (@eto_astana_detka)

Айта кетейік, оқиға 15 тамызда №9 автобуста сағат 10:00 шамасында болған. Жәбірленушінің айтуынша, қақтығыстан кейін белгісіз ер адам оған баллоннан сұйықтық шашып жіберген. Содан кейін ер адам жәбірленушіні аяғымен бетінен теуіп жіберіп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети