04 маусым 2021 12:05

Нұр-Сұлтанда балабақшаға орналастыру қашан басталатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда 10 маусымнан бастап балабақшаларға жоспарлы жинақтау басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Нұр-Сұлтанда 10 маусымнан бастап балабақшаларға жоспарлы жинақтау басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

2021 жылдың 10 маусымынан бастап www.Indigo24.kz сайтында қаланың мектепке дейінгі ұйымдарына жоспарлы жинақтауды бастау жоспарланып отыр. 

www.Indigo24.kz электрон жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдарда (жеке балабақшалар мен шағын орталықтар) 24 297 бос орын бар, оның ішінде:

2019 жылы туғандарға - 6 074 орын;
2018 жылы туғандарға - 9 372 орын;
2017 жылы туғандарға - 5 616 орын;
2016 жылы туғандарға - 3 235 орын.

Биыл 1 маусымнан бастап барлық мемлекеттік балабақша базасында сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін ата-аналарға арнап онлайн-кеңестер ұйымдастырылды. Қажет болған жағдайда ата-аналар санитарлық-дезинфекциялық шараларды қатаң түрде сақтай отырып, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жанындағы консультативтік пункттерге жүгіне алады.

Жинақтауды өткізу кестесі және жолдама алу алгоритмі қала әкімдігінің ресми сайтында, сондай-ақ Indigo24.kz сайтында орналастырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети