Нұрбол Нұрсағатов Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрбол Нұрсағатов Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданының әкімі болып тағайындалды. 38 жастағы Нұрсағатов Нұрбол меритократия қағидасына сәйкес жетекші маманнан бастап, комитет төрағасының орынбасары, басқарма басшысы лауазымына дейінгі жолдарды өткен тәжірибелі маман", - делінген хабарламада.
Нұрбол Нұрсағатов 2004-2005 жылдары Индустрия және сауда Министрлігінің құрылыс Комитетінде жетекші маман, бас маман болып бастаған. 2005-2008 жылдары қала әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы, директор орынбасары болған.
2008-2011 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары; 2011-2012 жылдары Ауыл шаруашылығы Министрлігінің су ресурстары Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.
2014-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Көлік және автомобиль жолдары басқармасына, Алматы қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасына және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау басқармасына басшылық жасады.
Осыған дейін елордалық Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарған Асқар Есілов пара алды деген күдікке ілінгені хабарланды.