23 қаңтар 2020 16:38

Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов пара алды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқар Есілов Асқар Есілов

Елордалық Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Елордалық Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Байқоңыр ауданының әкіміне қатысты, иә, шын мәнінде, Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Байқоңыр ауданы әкімінің пара алу дерегін анықтады. Ол ауданды абаттандыру және жалпы қамқорлық бойынша қосалқы мердігерлік жұмыстарды алуға көмектескені үшін жеке компания өкілінен iPhone соңғы моделін пара ретінде алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер кінәсін мойындап, тергеу аяқталғаны туралы жедел түрде мәлімдеген. Іс фигуранттарына қатысты соңғы шешімді сот шығарады", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Асқар Есілов елорда әкімінің бұрынғы орынбасары, мәслихаттың бұрынғы хатшысы және Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңестің төрағасы Сансызбай Есіловтің ұлы.

Осыған дейін, Асқар Есілов Алматы ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы корпоративтік басқару департаментінің директоры қызметін атқарды. 2019 жылдың сәуір айында Байқоңыр ауданының әкімі болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети