26 қазан 2021 18:53

Нұр-Сұлтанда борышкер жеке сот орындаушысына балта ала жүгірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда борышкер төленбеген айыппұлдары үшін көлігін алуға келген жеке сот орындаушысына балтамен шабуыл жасады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ЖСО аймақтық палатасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда борышкер төленбеген айыппұлдары үшін көлігін алуға келген жеке сот орындаушысына балтамен шабуыл жасады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ЖСО аймақтық палатасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 26 қазан күні сағат 8.45-те болған. Ұйымның мәліметінше, ер адам банкке 196 545 теңге және 358 728 теңге көлеміндегі 17 әкімшілік айыппұлды төлемеген. Жеке сот орындаушылар палатасы борышкерге қамауға алу және шектеу шаралары көмектеспегенін, сондықтан ВАЗ-2115 автокөлігін тәркілеу туралы шешім қабылданғанын айтты.

"Полиция қызметкерлерінің қатысуымен автокөлікті алу кезінде борышкер өзін агрессивті ұстап, көлікті өз еркімен беруден үзілді-кесілді бас тартты. Осыдан кейін ол үйге кіріп темір балтамен сыртқа шығып, жеке сот орындаушы мен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Бұл әрекет видеоға жазылып қалған. Сол кезде полиция қызметкерлері оны жеке басты қорғауға арналған бұрыш сепкішінің көмегімен ұстап, полиция бөліміне жеткізді", - деді Нұр-Сұлтан қалалық ЖСО өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мәдина Жанасаева.

Сот орындаушысы полицияға борышкерге өміріне қауіп төндіргені және қол сұққаны үшін арыз жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети