26 қаңтар 2021 12:09

Нұр-Сұлтанда бірнеше көше атауы өзгереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы қаулы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаулы Электрондық үкімет порталында жарияланды.


Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы қаулы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаулы Электрондық үкімет порталында жарияланды.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2021 жылғы 13 қаңтардағы,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қаулы етеді және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты шешті", - делінген қаулыда. 

Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" ауданы бойынша:

  • жобалық атауы  А21 көшеге - Ұзақбай Құлымбетов көшесі;
  • жобалық атауы № 231 көшеге - Әнуарбек Байжанбаев көшесі;
  • жобалық атауы № 23-14 көшеге - Мақтай Сағдиев көшесі;
  • жобалық атауы А22 көшеге - Кәмен Оразалин көшесі;
  • жобалық атауы А23 көшеге - Аманжол Бөлекпаев көшесі;
  • жобалық атауы № 23-7 көшеге - Бәйкен Әшімов көшесі;
  • жобалық атауы А25 көшеге - Кеңшілік Мырзабеков көшесі;
  • жобалық атауы А26 көшеге - Нығмет Нұрмақов көшесі;
  • жобалық атауы № 23-6 көшеге - Рахманқұл Бердібай көшесі;
  • жобалық атауы А36 көшеге - Салық Зиманов көшесі;
  • жобалық атауы А98 көшеге - Жұбан Молдағалиев көшесі;

Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы бойынша:

  • жобалық атауы Е755 көшеге - Әнет баба көшесі;
  • жобалық атауы Е16 көшеге - Хиуаз Доспанова көшесі;
  • жобалық атауы Е22 көшеге - Роза Бағланова көшесі;
  • жобалық атауы Е574 көшеге - Бердіқожа батыр көшесі;
  • жобалық атаулары Е584 және Е631 көшелерін біріктіріп, Баймұхамет Қосшығұлов көшесі;
  • жобалық атаулары Е587 және Е619 көшелерін біріктіріп, Уәли Халфин көшесі;

Достық көшесінен басталып,Дінмұхамед Қонаевкөшесіне дейін жалғасатын "Қазмедиа орталығы" ғимаратының алдында орналасқан атаусыз көшеге - Қазақ радиосы көшесі.

Нұр-Сұлтан қаласының "Байқоңыр" ауданы бойынша:

  • Жұмабек Тәшенов көшесі - Жұмабек Тәшенев көшесі;
  • Павлик Морозов орамы - Сейхун орамы;
  • Ленинградский орамы - Төрткөл орамы;
  • Жұмабек Тәшенов орамы - Жұмабек Тәшенев орамы;
  • Жазық орамының Өндіріс көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Ырғыз орамы;
  • Гүлзар орамының Саржайлау көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Ақжарма орамы;
  • Ақсеңгір көшесінің Құсжолы көшесінен басталатын бөлігі - Шоқпартас орамы;
  • Телжан Шонанұлы көшесінің Николай Гоголь көшесінен басталып, Ташкент көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Шілікті орамы;
  • Ағадыр көшесінің С613 жобалық көшесінен басталып, Тайбурыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Шилісай орамы;
  • Ағадыр көшесінің № 8 үйден басталып, Игілік көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Шеңгелді орамы;
  • Кеншілер көшесінің Кентау көшесінен басталып, Ақшағыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Қарғалы орамы;
  • Жетісай орамының № 49А үйден басталып, Юрий Малахов көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Үңгіртас орамы;
  • Ақшағыл көшесінің Кентау көшесінен басталатын бөлігі - Тұздыкөл орамы;
  • Юрий Малахов көшесінің № 12 үйден басталып, Саржайлау көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Түрген көшесі;
  • Төңкеріс көшесінің № 14 үйден басталып, Проезд-48 көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Толағай орамы;
  • Саржайлау көшесінің № 9/5 үйден басталып, № 11А үйге дейін жалғасқан бөлігі - Текелі орамы;
  • Шыңғырлау көшесінің № 17/1 үйден басталып, № 1А үйге дейін жалғасқан бөлігі - Тастөбе орамы;
  • Өзен көшесінің Сусамыр көшесінен басталып, Өндіріс көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Талдыбұлақ орамы;
  • Қызылжар көшесінің Жезкиік орамынан басталып, Найзатас орамына дейін жалғасқан бөлігі - Өлеңдісай орамы;
  • Тасқұдық көшесінің № 20 үйден басталып, Ынталы көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Ойқарағай орамы;
  • Құрманғазы көшесінің № 50 үйден басталып, № 64 үйге дейін жалғасқан бөлігі - Жиренкөл орамы;

Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы бойынша:

  • Шығыс Ильинка тұрғын алабы - Үркер тұрғын алабы;
  • Новый аэропорт көшесі - Жаңадария көшесі;
  • Сығанақ және жобалық атауы Е10 көшелерін біріктіріп,Сығанақ көшесі;

Нұр-Сұлтан қаласының "Сарыарқа" ауданы бойынша:

  • Пионерская көшесі - Талшық көшесі;
  • Проезд-52 көшесі - Ақтоғай көшесі;
  • Мостопоезд-463 көшесі - Жартас көшесі;
  • Аспара  көшесінен басталып, Медеу көшесіне дейін жалғасқан Тарас Шевченко көшесі - Қатонқарағай көшесі; 
  • Екінші Алматы және жобалық атауы С409 көшелерін біріктіріп, Ермек Серкебаев көшесі деп қайта аталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети