27 шілде 2020 10:12

Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz Фото Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше мен көпір ішінара жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше мен көпір ішінара жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жүргізушілерге алдын ала жол бағытын жоспарлауға кеңес берілді.

"26 шілде мен 1 тамыз аралығында Амман көшесі бойымен Шарль де Голль көшесінен Ж.Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде, Шарль де Голль көшесі бойымен Амман көшесінен А. Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған", - деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасындағылар.

Сондай-ақ, Р. Дүйсенбаев көшесі бойымен Аспара көшесінен Герценге дейін жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 26-30 шілде аралығында аталған көшелердегі учаскелер жабылатын болады.

Сонымен қатар, Шарль де Голль көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскедегі М2 (Амман көшесі-Мәңгілік Ел даңғылы) көпірінің құрылысы бойынша жол - құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 26-31 шілде аралығында қозғалыс тоқтайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети