09 қараша 2021 16:25

Нұр-Сұлтанда бірінші кезекте ревакцинациядан кімдер өтеді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қазақстанда, соның ішінде Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы ревакцинация қарашаның екінші жартысында басталады. Қалалық емхананың ЖТД бөлімінің меңгерушісі Сыздықова бірінші қай санаттағы қазақстандықтар вакцина алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанда, соның ішінде Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы ревакцинация қарашаның екінші жартысында басталады. Қалалық емхананың ЖТД бөлімінің меңгерушісі Сыздықова бірінші қай санаттағы қазақстандықтар вакцина алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Коронавирусқа қарсы ревакцинация иммунитетті нығайту үшін жүргізіледі. Оны бірінші кезекте ауруға бейім адамдар санаты алады.

"Бірінші кезекте коронавирусқа қарсы екпені алғашқы алатындар – медицина қызметкерлері, педагогтер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Әрине, бәрі ерікті негізде. Сондай-ақ, бірінші кезекте ревакцинациядан созылмалы аурулары бар қарт адамдар өткені абзал, өйткені олар тәуекел тобына кіреді", - деп түсіндірді Гүлнар Сыздықова.

Айта кетерлік жайт, ревакцинация мерзімі вакцинаның екінші дозасын алған сәттен бастап 6 айдан 9 айға дейін өзгереді. Дәрігерлер сонымен қатар кросс-вакцинацияны, басқаша айтқанда, вакцинаның басқа түрін егуді ұсынады.

"Спутник V" алғаннан кейін ревакцинацияны 9 айдан кейін жүргізу керек, өйткені бұл - векторлық, күшейтілген вакцина. Отандық QazVac пен қытайлық Vero Cell - 6 айдан соң", - деп нақтылады дәрігер.

Ведомство мәліметінше, вакцинация пандемиямен күресудің жалғыз тиімді әдісі болып қала береді. Вакцина ұжымдық иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді, бұл коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтатады.

Бұған дейін Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова қалада жаппай ревакцинация қашан басталатынын айтқан болатын. Сондай-ақ, ол вакцинация немесе ревакцинация алдында антидене сынағы жасала ма деген сұраққа жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети