17 сәуір 2020 12:09

Нұр-Сұлтанда COVID-19-ға тегін тестілеуден қалай өтуге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус инфекциясына тегін экспресс-тестін тапсыруға арналған өтінімді Smart Astana қосымшасында толтыруға болады, - деп хабарлайды Елорда әкімдігінің ресми сайты.


Коронавирус инфекциясына тегін экспресс-тестін тапсыруға арналған өтінімді Smart Astana қосымшасында толтыруға болады, - деп хабарлайды Елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова коронавирус тестінен өтудің алгоритмін өзінің https://t.me/MBekturova телеграм каналында түсіндірді.

"Өтінімді толтыру үшін біріншіден, сіз Smart Astana мобильді қосымшасындағы "Медицина" – "COVID-19 тестіне тіркелу" бөлімінде сауалнама толтыруыңыз керек. Екінші, Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары азаматтарды белгілі бір көрсеткіштер бойынша іріктейді. Үшінші, мәртебенің расталуын күтіңіз", – деді М.Бектұрова.

Мұнан кейін "КДЛ ОЛИМП" операторлары сізге қоңырау шалып, емдеу бөлмесіне бару уақыты, орны мен күнін жоспарлайды. Келушілер бетперде киіп, жеке куәлікпен кіруі керек. Өйткені тек қабылдау тағайындалғаннан кейін кіруге болады.

Талдау нәтижесі сіз сауалнамада көрсеткен электрон поштаға жіберіледі.

Сонымен қатар жақында Smart Astana мобильді қосымшасында "Мен үйде карантиндемін" функциясын іске қостық. Барлық байланыс тұлғалары үй жағдайындағы карантин талаптарын сақтау туралы ақпарат ала алуы үшін қосымшаны жүктеуі керек", – деп атап өтті М.Бектұрова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети