09 мамыр 2021 14:16

Нұр-Сұлтанда дәрігерлер жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан ардагерді құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы қалалық жұқпалы аурулар орталығының медицина қызметкерлері Жеңіс күніне орай стационарында жатқан Ұлы Отан соғысының майдангері Иван Михайловичті 9 мамыр мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтандағы қалалық жұқпалы аурулар орталығының медицина қызметкерлері Жеңіс күніне орай стационарында жатқан Ұлы Отан соғысының майдангері Иван Михайловичті 9 мамыр мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметі бойынша, ҰОС ардагері Иван Михайлович жұқпалы аурулар ауруханасына 27 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауыр жағдайында түскен. 5 мамырда денсаулығының нашарлауына байланысты реанимация бөліміне ауыстырылған.

"Ол мерекені отбасы мен жақындарының ортасында атап өте алмаса да, аурухана қызметкерлері оны назардан тыс қалдыра алмады. Олар шын жүректен қарияны Жеңіс күнімен құттықтап, сыйлаған бейбітшілік пен бостандық үшін алғыс айтты. Науқас аурухана қызметкерлерінің құттықтауына қуанып, көз жасына ерік берді", - деді басқарма өкілдері.

Иван Михайлович 1925 жылы 20 қыркүйекте Кемерово облысында дүниеге келген.

1943 жылы 13 қаңтарда Кеңес әскері қатарына шақырылған. 1-ші Белорусь майданындағы шайқастарға қатысқан. Соғыс аяқталғаннан кейін 1945 жылдан 1971 жылға дейін әскерде қатардағы жауынгерден зымыран әскерлері штаб бастығына дейін қызметте атқарған. Құрметті демалысқа полковник атағымен шықты.

ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында "Германияны жеңгені үшін" медалімен және тағы басқа 18 медальмен марапатталған.

Қазіргі уақытта науқас өкпені желдету аппаратында жатыр және толық сауыққанға дейін стационарлық ем қабылдайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети