20 мамыр 2020 11:32

Нұр-Сұлтанда дезинфекция жұмыстары жалғасып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда дезинфекция жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда дезинфекция жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, 11 мамырдан бастап қала тұрғындарына қатаң санитарлық ережелерді сақтай отырып саябақтарға, алаңдарға баруға рұқсат етілді.

"Бүгін ботаникалық бақта, "Жерұйық" және "Ақжайық" саябақтарында дезинфекция жүргіземіз. ТЖ режимі аяқталғанына қарамастан, вирусты жұқтыру қаупі әлі де бар. Карантиннің босаңсуына байланысты саябақтарда халық көп. Сондықтан біз барлық қоғамдық орындарда дезинфекцияны күшейтеміз", – деді "Астаналық дезинфекция" ЖШС директорының орынбасары Арман Әлімбеков.

Тұрғындар қашықтықты қатаң сақтауға, бетперде тағуы керек дейді.

Дезинфекцияның жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізілетіні айтылады. Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың, базарлардың, сауда орталықтарының, блокпостардың аумақтары, сонымен қатар аулалар, балалар алаңдары, үйлердің кіреберістері және адамдар көп жиналатын басқа да орындар өңделетіні белгілі болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети