07 ақпан 2021 19:31

Нұр-Сұлтанда гүл дүкені алдында шара ұйымдастырғандар полицияға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Telegram Фото: Telegram

Нұр-Сұлтанда ұтыс ойынын ұйымдастырушылар көп адам жиналғаны үшін полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы елордалық ПД баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.


Нұр-Сұлтанда ұтыс ойынын ұйымдастырушылар көп адам жиналғаны үшін полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы елордалық ПД баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.

"Полицейлер оқиға орнына барып, шара тоқтатылды, жағдай тұрақталды, жиналғандар тарады. Шараны ұйымдастырғандар Есіл аудандық ПБ-ға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaztwitter Kazakhstan (@kaztwitter)

Еске салайық, бүгін, 7 ақпанда Нұр-Сұлтанда ұтыс ойынының кесірінен ұзын-сонар кептеліс болған хабарланған. Әлеуметтік желіде бір топ адамның гүл сататын дүкенде жиналып, ұтыс ойынына қатысып жатқаны туралы видео тараған.  

Алайда артынша ұйымдастырушылар ұтыс ойынын тоқтатып, адамдардың тарауын сұраған. 

"Адам көп жиналғандықтан аппаратураларда техникалық ақау болды. Өкінішке қарай, ұтыс ойынын жалғастыра алмадық. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Ұтыс ойыны міндетті түрде болады. Шарттарын жақын арада түсіндіреміз", - деді ұйымдастырушылар. 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жағдайға түсініктеме берді.

"2021 жылы 7 ақпанда Есіл ауданы әкімдігі мен жергілікті полиция қызметі мамандарының мониторингтік тобы Нұр-Сұлтан қаласында екі мыңнан аса адам жаппай іс-шара өткізіп, Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қолданыстағы қаулысының бұзылу дерегін анықтады (гүл дүкенін ашылуына байланысты ұтыс ойнату)", - деп хабарлады комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети