07 тамыз 2020 13:06

Нұр-Сұлтанда жаңа арбат салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: astana.gov.kz Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда "Жастар" сарайын қарама-қарсы жаңа арбат пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда "Жастар" сарайын қарама-қарсы жаңа арбат пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Ж. Омаров жаңа жаяу жүргіншілер көшесінде 2 субұрқақ салу жоспарланған. Бүгінгі таңда Ж. Омаров көшесі Республика даңғылынан Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрына дейін абаттандырылып жатыр. Бірінші кезең – Әуезов көшесіне дейінгі аймақ биыл аяқталады. Бейбітшілік көшесіне дейінгі бөлікті келесі жылы аяқтау жоспарланған. Жоба бойынша Республика даңғылынан Әуезов көшесіне дейін субұрқақты қайта құру қарастырылған. Жаңа субұрқақ кешені "Халық Достығы" монументінің айналасында салынады. Одан субұрқақпен аяқталатын жасанды ағын пайда болады. Ағынның бойында су аттракциондарын салу жоспарланды", - делінген хабарламада.

Тағы бір субұрқақ Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының жанында пайда болады. Бұл аумақта шағын сәулет нысандары, инсталляциялар, веложол, көлеңкелі шатырлар қойлады. Сауда павильондарын, ойын аймақтары мен балалар алаңдарын салу қарастырылған.

Бұл жұмыс "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" жоспары аясында орындалып жатыр. Ол жаяу жүргіншілерге жағдай жасау, жасыл желектер мен веложолдар санын ұлғайту, көпірлер, қоғамдық кеңістіктер салуды қарастырады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети