1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда және сегіз облыста ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" синоптиктері 3 шілдеде Қазақстанның сегіз өңірінде және Нұр-Сұлтанда ауа райы бұзылатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-сұлтанда өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ жауады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

3 шілдеде Атырау облысында 36 градус ыстық болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан 15-20 метрге дейін жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын, найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батыстан кей жерлерде секундына 15-20 метр.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс. Оңтүстікте 35 градус ыстық.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстік, найзағай кезінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 метрге дейін, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!