Нұр-Сұлтанда жарық сөнді: Тоқаев тергеу жургізуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жарық сөнді: Тоқаев тергеу жургізуді тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында электр қуатын сөндірілуіне кінәлі шенеуніктерді анықтауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында электр қуатын сөндірілуіне кінәлі шенеуніктерді анықтауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Оған вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді. Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді. Президент Үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті", - деп жазды Берік Уәли. 

"Әкімшілік және тұрғын ғимараттарды жарыққа қосты - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
9 көппәтерлі тұрғын үй кешені, сондай-ақ Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер Үйі, Үкімет Үйі, Жоғарғы Сот - электрмен жабдықталды. Сонымен қатар 9 көппәтерлі тұрғын үйдің 9-ы жарықпен қамтылды : "Уют" , "Краун Плаза", "Тұмар" (2 үй), "Арт Хаус" , "Вива плаза" , "Алатау", "На водном зеленом бульваре". "Бәйтерек" монументін, "Изумрудный квартал" бизнес орталығын, "Керуен" , Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттарын жарыққа қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деп жазады қала әкімдігі.

Кабельлдік желілерді 15 адамнан тұратын авариялық-қалпына келтіру бригадасы мен 6 арнайы техника қалпына келтірді. Ғимараттарды электрмен жабдықтау өрт сөндіру бригадаларына рұқсат беру кезінде электр тоғымен зақымданудан қауіпсіздік мақсатында ажыратылды.

"Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу орнына елорда әкімі Алтай Көлгінов шықты. Қала әкімі апат себебін анықтауды тапсырды", - делінген хабарламада.

Елорданың сол жағалауындағы шағын станцияда кабель өртенді

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети