10 қараша 2019 17:20

Елорданың сол жағалауындағы шағын станцияда кабель өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін сол жағалаудағы 110/10 кВ шағын станциясының 10 кВ кабель каналында өрт шығып, кабель желісі зақымданды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнгі сағат 02.04-те аталған станциядан қосылған нысандардың электрмен жабдықтау линиялары апат салдарынан ағытыла бастады. Осы кабель желілеріне қосылған тұтынушылар өрт сөндіру бригадаларының электр тоғы соғуын болдырмас үшін электрмен қамтудан ажыратылды.

"Апат салдарын жою бригадалары құрамында, 15 адам және 6 арнайы техника, қажетті жабдықтарымен шұғыл түрде жұмысқа кірісті. 5 жедел-көшпелі бригадалар нысандарды қайта қосумен айналысуда. Қолда бар барлық мобильді дизель-генераторлар іске қосылды. Кабель желілерін қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда. Уақытша орын алған қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", ­­­- делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети