Нұр-Сұлтанда "Жас ұлан" мектебіне тапсырғандардың ата-аналары шу шығарды

22 Тамыз, 10:01
0
Нұр-Сұлтанда "Жас ұлан" мектебіне тапсырғандардың ата-аналары шу шығарды - Иллюстрациялық сурет
Иллюстрациялық сурет

Биыл елордада "Жас ұлан" мектебіне тапсырған жасөспірімдердің ата-аналары шу шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ата-аналардың айтуынша, іріктеу нәтижесі әділ емес. Сынақтан сәтті өткендердің тізімінен нәтижесі нашар болған балаларды көріп, өз баласын таппаған ата-аналар кімнен көмек сұрарын білмей дал.

Айта кетейік, "Жас ұлан" мектебіне биыл 400-ден аса бала тапсырған. Олардың жартысы сынақтан сәтті өткен. Мұнда 15 жастағы оқушылар екі жылға оқуға түседі.

Ата-аналар балаларының сынақты ылғи беске тапсырып өте алмағанын, ал бір пәндерден тіпті "құлаған" балалардың үздіктер қатарында жүргенін айтқан.

Ал "Жас ұлан" өкілдері емтихандардың ашық өткенін, оған барлық ата-ананың қатысып, көре алғанын, кабинеттерде видеокамералар қосулы тұрғанын айтып, жауап беріпті. Сөйтсек, жекелеген пәндерден 0 балл алған балалардың қалай үздіктер қатарынан бірақ шыққанына да мұнда түсініктеме бар екен.

"Талапкер бір пәннен нөл алып, бірақ басқа пәннен оқ бойы озық болып, алға шығуы әбден мүмкін. Мәселен, дене шынықтырудан 60 метр, 2 000 метр және турникке тартылу жаттығулары бар. Талапкер турникке 4 пен 5-ке тартылып, 60 метр қашықтыққа жүгіруден құлап қалуы мүмкін. Ал бірақ қалған екі жаттығудан үздік болды делік. Мұндай жағдайда бір жаттығудан нөл алып қалған бала үздік шығуы әбден мүмкін", - деп жауап беріпті "Жас ұлан" республикалық мектебінің бастығы Тілеухан Басқожаев.

Алайда мектептегілер нөл балл алып, оқуға түсіп кеткендерді қайта бір тексеруге уәде беріпті.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай