1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда желдің күшеюіне байланысты ескерту жарияланды15 маусым 2020, 15:41

Нұр-Сұлтан мен екі облыста 16 маусымда күшті желге байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

112 құтқару қызметінің мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтанда жел секундына 20 метрге дейін күшейеді.

Қазгидромет мәліметінше, Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Сонымен қатар, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыс және солтүстіктен соғатын жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Қызылордада шаңды дауыл мен солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метрге дейін жел тұрады.

Еске салайық, таяу күндері 16-18 маусымда еліміздің оңтүстік, одан кейін оңтүстік-шығыс аймақтарында ыстық басылады. Айтарлықтай жауын-шашын болмайды, алайда ауа температурасы 5...10 градусқа төмендеуі байқалады.

Тек батыста, мамандардың мәліметінше, ыстық, құрғақ ауа райы сақталады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!