08 сәуір 2021 12:06

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 15 мың адам коронавирус жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл" аймақта тұрғанына бір ай болды. Жыл басынан бергі көрсеткіш 2020 жылы тірекелген барлық жағдайдың жартысына жетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Қала бір ай бойы "қызыл" аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 34 007 жағдай тіркелді. Ал жыл басынан бері қала бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 15 мыңнан асты", - деді Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

Ол ақпандағы динамика қаңтармен салыстырғанда 25 пайызға төмендегенін, бірақ наурыздан бері тұрақты өсім байқалғанын айтты.

"Наурыз және сәуірдегі жеті күнінің қорытындысы бойынша қаңтар мен ақпанға қарағанда 2 338 жағдай тіркелді. 17 наурызда күнделікті өсім 1 пайыздан асып, 20 наурыздан 25 наурызға дейін 0,64 пайызға дейін төмендеді. Соңғы 12 күнде бұл көрсеткіш орташа есеппен 1,2 пайыз болды. Репродуктивті сан бірден жоғары", - деді дәрігер.

Оның айтуынша, өткен тәулікте инфекцияның 578 жағдайы тіркелген, оның 404-і симптомдармен, 174-і симптомсыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети