25 қараша 2021 11:18

Нұр-Сұлтанда қалың қар жауды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Елордада бір тәулікте бір айлық қар жауды. Қазгидрометте елордадағы ауа райы туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елордада бір тәулікте бір айлық қар жауды. Қазгидрометте елордадағы ауа райы туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"24 қараша мен 25 қарашаға қараған түні Нұр-Сұлтанға 25 миллиметр қар жауды. Қардың биіктігі 28 сантиметр болды. Елордада қарашада жауған жауын-шашын мөлшері - 28 миллиметр, демек бір тәулікте еліміздің бас қаласына бір айлық жауын-шашын болған, қар әлі де жауып жатыр", - деп хабарлады Қазгидрометтің баспасөз қызметі.

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов 

Гидрометорталықтың болжамы бойынша, жауын-шашын бүгін сағат 16.00-де тоқтайды.

"Елордада қарашаның 1-інен 25-іне 45,1 миллиметр жауын-шашын түсті. Қалыпты жағдайдан екі есе артты, ал қараша әлі аяқталған жоқ", - деп түсіндірді Қазгидромет.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейтінін атап өтті. 25 қарашада қар тазалауға 1300-ден аса арнайы техника мен 1900 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

"Биыл 1 қарашадан бастап 150 мың текше метрден аса қар тазаланды. 24 қарашадан 25 қарашаға қараған түні 25,5 мың текше метрден аса қар шығарылды. Камаздармен 14 мыңнан аса рейс жасалды", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов 

Елорда жолдарында екінші күн кептеліс байқалды.

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети