1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзған 44 дәріханаға айыппұл салынды 12 тамыз 2020, 17:03

Нұр-Сұлтан прокуратурасы карантин тәртібін бұзған дәріханаларды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: rg.ru Фото: rg.ru

Нұр-Сұлтан прокуратурасы карантин тәртібін бұзған дәріханаларды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мобильді топ карантин тәртібін бұзған дәріханаларды анықтаған. Оның құрамына прокуратура, полиция, экономикалық тергеу, фармацевтикалық бақылау және мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері кірген.

Dari.kz сайты және әлеуметтік желіден түскен шағымдар және сенім телефоны бойынша 535 дәріхана (96 пайыз) тексерілген.

"Өткен аптадан бері жеке тұлғаларға дәрілерді және медициналық құралды заңсыз сату бойынша 56 дерек, дәріханаларда дәрінің бағасын негізсіз көтеріп сатудың және Қазақстанда тіркелмеген дәрілерді сатудың 107 дерегі тіркелді", - делінген хабарламада.

Бұл фактілер бойынша 201 әкімшілік іс қозғалған: ҚР Әкімшілілік құқық бұзушылық кодексінің 424-бабы бойынша 2 іс, осы кодекстің 425-бабы бойынша 136 іс, аталған кодекстің 426-бабы бойынша 54 іс, 463-бап бойынша 9 іс тіркелген.

"Мысалы, Әуезов көшесіндегі дәріханада "Ципролет" (250 миллиграмм, 10 таблетка) дәрісі 625 теңгеден сатылған. Ал оның шекті бағасы - 595 теңге.

Осыған байланысты компания ҚР Әкімшілілік құқық бұзушылық кодексінің 426-бабы 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған. Компания фармецевтикалық қызмет көрсету құқығынан 1 айға айырылды. Себебі өткен жылдың желтоқсанында бұл компания дәріні шекті бағадан асырып сатқан үшін жауапкершілікке тартылған", - делінген қалалық прокуратура таратқан хабараламада.

Дәріні шекті бағадан асырып сатқаны үшін ҚР Әкімшілілік құқық бұзушылық кодексінің 426-бабы 1-бөлігі бойынша 44 іс тіркелген. Заңды бұзғандарға 180 570 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Карантин тәртібін бұзған дәріханалардың тізімі қалалық прокуратураның сайтында жарияланды.

ҚР Әкімшілілік құқық бұзушылық кодексінің 426 бабы 3 тармағы бойынша яғни Қазақстанда тіркелмеген дәрілерді сатқан дәріханаларға 200 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 1 айға қызметі тоқтатылған. Сондай-ақ, олардан жалпы бағасы 5,2 миллион теңге болатын 248 қорап дәрі тәркіленген: "Ингавирин", "Цефтриаксон", "Сумамед", "Калидавир", "Азитромицин".

ҚР Әкімшілілік құқық бұзушылық кодексінің 426-бабы 1-тармағы бойынша дәріханаларға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынып, дәрілер мен медициналық құралдар тәркіленген. Сонымен қатар, олардан 1 346 қорап дәрі "Парацетамол", "Ингавирин", "Цефтриаксон", "Азитромицин", "Клексан", "Ксарелто Ривароксан", "Эуфиллин", "Сумамед", "Лавомакс", "Цефазолин" және жалпы құны 1,86 миллион теңге 7 850 маска болатын тәркілеген.

Тәркіленген тауар фармацевтикалық қауіпсіздік департаменті мен денсаулық сақтау басқармасына берілген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!