27 желтоқсан 2020 17:38

Нұр-Сұлтанда қауіпті тұрғын үйлер азайды - әкімдік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Александр Куприенко Фото: Александр Куприенко

Елорда әкімдігі Нұр-Сұлтанда қауіпті тұрғын үйлер азайғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елорда әкімдігі Нұр-Сұлтанда қауіпті тұрғын үйлер азайғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда көктемнің басынан бастап қауіпті тұрғын үйлерді жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар басталғаны хабарланды. ТКШ бағдарламасы бойынша жөнделген көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің жалпы саны 2020 жылы 50-ден асады, сондай-ақ 100-ге жуық лифт жөнделіп, ауыстырылады.

"Елордада қауіпті тұрғын үй кешендерін жөндеу бойынша жұмыстар жүргіземіз. Бұл құлап жатқан плиталар, жанғыш төсемдер, апатты жағдайдағы жеделсатылары бар үйлер. Мысалы, "Территория комфорта-2" көппәтерлі тұрғын үй кешені бәріне белгілі. Тұрғындар кездесулер барысында үйде тұрудан үрейленетінін айтқан. Олар желді күні балаларын далаға шығаруға қорқады екен. Бұған себеп - үйді қаптап тұрған плиталардың жиі құлауы".

"Бұл көппәтерлі тұрғын үй кешенінде ауқымды жұмыстар жүргізілді: қасбеті толық ауыстырылды, керамогранит плиталар алынып тасталды, жылытқыштар, қабатаралық, өрт жағдайына арналған есіктер және тағы басқалары ауыстырылды. Бұрын үй пайдалануға берілмеген еді, ТК-ның мекенжайы болмады. Тұрғындар пәтерлерінде тіркеле алмады, яғни өздері тұратын ауданның әлеуметтік нысандарының қызметтерін пайдалана алмады.

Ал енді бұл мәселелер шешілді. Бүкіл құжаттаманы дайындап, ТК-ны пайдалануға бердік. Енді үйдің өз ресми мекенжайы бар. Мамандар пәтер иелеріне техникалық паспорт беру үшін пәтерлер аумақтарын өлшеуге кірісті", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Кездесу барысында ТК тұрғындары балаларын көшеге шығарудан қорыққанын, плиталар құлап кетеді деген қауіппен өздері үйдің жан-жағын, төбесін қарайлап жүретінін атап өтті.

"Плиталар жел тұрса құлайтын. Олар тез жанатын еді, сондықтан өрт шыға ма деген қорқыныш болды. Көп таныс адамдар бізге үй тіпті құлап кетуі мүмкін деді. Тұрғын үй кешенінің өзі бірнеше жыл бұрын қауіпті деп танылған. Енді үй өзгерді. Біздің үй де және аула да қауіпсіз. Жақында біз өз пәтерімізге техникалық паспорт аламыз. Көрсетілген көмек үшін Президентке, мемлекетке алғысымызды білдіреміз", - деп атап өтті тұрғындар.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда апатты жағдайдағы үйлерді бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2019 жылы 200-ге жуық отбасы жаңа тұрғын үйге көшірілді, биыл 200-ден астам отбасын көшіру жоспарланып отыр.

Фото: Александр Куприенко

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети