14 желтоқсан 2020 15:01

Нұр-Сұлтанда кезекші сыныптағы оқушылар тоқсан соңына дейін мектепте оқитын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Елордада кезекші топтардағы оқушылар тоқсан соңына дейін мектепте оқиды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елордада кезекші топтардағы оқушылар тоқсан соңына дейін мектепте оқиды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Бірақ біз балаларға тоқсан соңына дейін оқуға мүмкіндік беретін шығармыз. Қазір тоқсанның ортасы. Мерекелерді ескерсек, олар үйде демалады. Сондықтан оқушыларға жыл соңына дейін оқуға мүмкіндік береміз", - дейді ол.

Осыған дейін елордадағы мектептер меншік нысанына қарамастан қашықтан оқуға көшуі мүмкін екені хабарланған еді.

10 желтоқсандағы жағдайға сәйкес аудандардағы бас санитар дәрігердің қаулысымен 20 мектепте білім беру процесі тоқтатылды. Білім беру ошақтары 14 күнге онлайн оқытуға көшірілді.

Оқу жылының басынан бері барлығы 224 оқушы ауырды, оның 179-ы қашықтан оқыған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети