10 қараша 2021 11:19

Нұр-Сұлтанда "көк" статусы барлар әзірше сауда орталықтарына кіре алады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ashyq жүйесінде "көк" мәртебесі бар астаналықтардың жұмыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарына кіруіне тыйым салу туралы норма әлі күшіне енген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігіне сілтеме жасап.


Ashyq жүйесінде "көк" мәртебесі бар астаналықтардың жұмыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарына кіруіне тыйым салу туралы норма әлі күшіне енген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігерінің бұл норма бойынша қаулысы әлі шыққан жоқ. Ол шығарыла салысымен сауда орталығына жұмыс күндері де "көк" статусы бар келушілер үшін шектеу қойылады. Ashyq жүйесінде демалыс күндері сияқты, яғни жұмыс күндері кіру "жасыл" мәртебесі болған жағдайда, яғни вакцинация, ПТР-анықтамасы теріс болған кезде, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен асырмай және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар үшін мүмкін болады", - деді Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау және коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу үшін 8 қарашадан бастап сауда ойын-сауық орталықтарына жұмыс күндері де "жасыл" мәртебесі барлар ғана кіре алатыны туралы шектеу 8 қарашадан бастап іске қосылуы керек болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети